<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Аспандағы жарық күн қызарып барып батпай ма</title>
<lyrics>[V1]
 Аспандағы жарық күн,
 Қызарып барып батпай ма?
 Тіршіліктің дәм-тұзын,
 Құдай мен адам татпай ма?

[V2]
 Қанағат, тоқтам, әрқашан
 Абырой саған әперер.
 Тіршілікте мәңгілік,
 Сені тек Құдай мәпелер.

[V3]
 Арманшыл менің бауырым,
 Тілеймін саған тура жол.
 Сол тіршілік тұтқасы
 Ақиқат біреу: Иса - Ол.

[V4]
 Айналаңа көз салып,
 Ақылмен бәрін сарала.
 Өмірдің тап тұтқасын,
 Әлемді түгел арала.

[V5]
 Мына өмірдің мәні мен
 Мақсатына көз жеткіз.
 Ақиқаттың, ақ жолдың
 Шұғыласын жарқ еткіз!

[V6]
 Қайта тумай өмірге,
 Мәңгілікке бармайсың.
 Мынау жалған өмірден,
 Тек өкініш қармайсың.

[V7]
 Көктемде шыққан қызғалдақ,
 Күз болғанда солады.
 Бүгінгі байлық, шат өмір,
 Ертең-ақ қурай болады.

[V8]
 Тек қана Құдай мәңгілік,
 Мәңгілік болып қалады.
 Құлпырып өскен қызыл гүл,
 Күз жеткенде солады.

[V9]
 Айналайын, бауырым,
 Арманың болсын мәңгілік.
 Тура жолға кел сен де,
 Құдайды жырла ән қылып.</lyrics>
</song>